«Білім беру процесінің заманауи тәсілдері мен триггерлері» атты біліктілікті арттыру курсы
2024 жылдың 9-14 желтоқсан аралығында педагогикалық құзыреттілікті арттыру жоспарына сәйкес «Білім беру процесінің заманауи тәсілдері мен триггерлері» атты біліктілікті арттыру курсы өтті. Біліктілікті арттыру курсын «ОҚМА» АҚ-ның басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамына Оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Курсты Astana IT University-нің бірінші проректоры, э.ғ.д., профессор Серик Мауленович Омирбаев өткізді.
Курс бағдарламасында 3 модуль қарастырылды, атап айтсақ:
Модуль 1. Болон негізгі міндеттемелері аясында білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
Модуль 2. Академиялық саясат, оқыту және бағалау стратегиясы.
Модуль 3. Микробіліктілік. Оқу нәтижелерін тану.
Курс соңында тыңдаушыларға 72 сағаттық біліктілікті арттыру сертификаттары берілді.