Білім беру бағдарламаларының сапасын сыртқы бағалау

2023 жылғы 19 сәуірде "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" АҚ білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (IAAR) сыртқы сараптау комиссиясы өз жұмысын бастады.
Сыртқы сараптама комиссиясының төрайымы м.ғ.д. Тагадюк Ольга Константиновна, Николае Тестемицану Мемлекеттік медицина және фармация университеті (Молдова Республикасы).
Бағалауды 6В10101 «Жалпы медицина», 6В10102 «Педиатрия» (бастапқы аккредиттеу); 6В10103«Стоматология» (бастапқы аккредиттеу), 7М10144 «Медицина», 8D10140«Фармация» (бастапқы аккредиттеу), 7R01142 «Клиникалық фармакология» (бастапқы аккредиттеу) бағдарламалары өтеді.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессор-оқытушылар құрамына мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен сәтті өтуін тілейміз!

19.04.2023, 10:49
455 қаралым