Әдістемелік семинар: «Білім алушылардың креативті ойлау дағдыларын қалыптастырудағы ғылыми-педагогикалық әдістер»
08.04.2025ж. «Білім алушылардың креативті ойлау дағдыларын қалыптастырудағы ғылыми-педагогикалық әдістер» тақырыбы бойынша «Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» және «Қазақстан тарихы және әлеуметтік – қоғамдық пәндер» кафедраларының ұйымдастыруымен әдістемелік семинар өтті. Семинарда соц.ғ.к., проф м.а., М.А.Ертаев «Білім алушылардың креативті ойлау дағдыларын қалыптастырудағы ғылыми-педагогикалық әдістер» және аға оқытушы А.А.Беккулова «Қазақстан тарихын оқытудағы заманауи трендтер» атты тақырыптарында баяндамалар жасалынды. Семинарға оқу әдістемелік бөлімнің әдіскері Б.М.Рашева және Ө.Жәнібеков атындағы «Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университетінен» филология ғ.к., доцент Н.Б.Мансуров, «Инженерлік пәндер» кафедрасынан Т.К.Ауғанбаев, Е.Қ.Қарлыбаев «Қазақстан тарихы және әлеуметтік – қоғамдық пәндер» кафедрасынан Г.С.Айдарбекова, Л.Махатова, А.Ибрагимова, А.Мырзазия аталған профессор-оқытушылар қатысты. Әдістемелік семинарда сұрақ-жауап беріліп қызу талқылаулар болды.
