«Білгенге маржан» интеллектуалды байқауы

13.03.2019ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» аясында «Білгенге маржан» тақырыбында ЖОО арасында интеллектуалды байқау өткізілді. Байқауға ОҚМА атынан қазақ, орыс және латын тілі кафедрасының оқытушысы А.С.Жакипованың жетекшілігімен мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген өзге ұлт өкілдерінен құралған «Ақ халатты данышпандар» тобы қатысты. 

1332 3

Сайыстың мақсаты:

1) логикалық ой-өрісін, зейінін, жадында сақтау қабілетін дамыту;

2) білімге деген қызығушылығын, шығармашылығын дамыту;

3) елімізде өскелең ұрпақтың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту;

Қатысушыларға - Еліміздің тарихы, 21 ғасырдағы Қазақстанда Ұлттық сананың қалыптасуы және дамуы туралы, жер-су аттары, мәдениеті мен руханиятына қатысты сұрақтар қойылып, терең білімдерін көрсетті.

Байқаудың 4 кезеңінде де өз білімдері мен белсенділіктерін көрсеткен студенттеріміз 3 орынды иеленіп бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

1332 4

16.03.2019, 04:19
245 қаралым