Бекарысова Дана Сапарғалиқызын 8D10141 «Медицина» мамандығы бойынша PhD ғылыми дәрежесін алуымен құттықтаймыз!
2023 жылдың 25 желтоқсанында Академия қабырғасында дара акционер Сейітжанов Серікжан Сейітжанұлының грантына ие болған докторанттың алғашқы докторлық диссертациясын қорғауы өтті.
Докторант Бекарысова Дана Сапарғалиқызы 8D10141 «Медицина» мамандығы бойынша «ОҚМА» АҚ жанынан құрылған алғашқы Диссертациялық кеңес алдында диссертациялық жұмысын ұсынды. Қорғау Scopus және Web of Science дерекқорларының 1-ші және 2-ші квартилдеріне кіретін журналдарда жарияланған алты мақалалар сериясына негізделген.
2024 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының № 391 бұйрығымен Бекарысова Дана Сапарғалиқызына. 8D10141 «Медиицна» мамандығы бойынша PhD дәрежесі берілді. Диссертациялық жұмыс отандық ғылыми кеңесші, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Есиркепов Марлен Махмудовичтің және шетелдік ғылыми кеңесші, PhD, қауымдастырылған профессор Зимба Олена Олександровнаның жетекшілігімен орындалды.
Жаңа PhD докторы мен ғылыми кеңесшілерді осы маңызды жетістікпен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!