«Батыр бабалар ерлігі ұрпаққа үлгі»

2015 жылдың 18 наурыз күні сағат 11:00-де факультет декандары, тәрбие ісі бөлімі, студенттік кәсіподақ ұйымы және «Болашақ» академиялық жастар орталығы белсенділерінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «70 күн – 70 игі іс» атты акциясы өтті. 

Сол акцияның аясында, ата-бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың  ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым ету мақсатында «Батыр бабалар ерлігі ұрпаққа үлгі» ҰОС ардагерлерінің «Ерлік» мұражайы, аллеясына гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

 

30.03.2015, 03:03
575 қаралым