Баскетболдан Іріктеу жарысы

Спорттық ойындар дене тәрбиесінің әмбебап құралы екені белгілі. Спорттық ойындарға іріктеу - бұл спорт түрінің ерекшеліктеріне қойылатын талаптарға сай, қабілеті жоғары спортшыларды анықтауға арналған іс-шаралар кешені.
2024 жылдың 1-інші қазаны мен 10-ыншы қазан аралығында барлық факультетер арасынан академия құрама командасын жасақтау мақсатында “Дене тәрбиесі” орталығының ұйымдастыруымен іріктеу жарыстары өткізіліп жатыр.
Болашақта құрамада сап түзейтін спортшыларымызды іріктеу жарыстары кезінде спорттық бәсекеге қабілеті бар, нәтижеге жете алатын, мықты дене дайындығы бар және барлық критерийлерге сай келетін білім алушылардан айқындауды көздеп отырмыз.
Спорттық іріктеуді 1-2 -інші қазан күні баскетбол ойынынан ұлдар мен қыздар арасында бастадық. Баскетбол ойыны талаптарын, әдіс - тәсілдері мен ойынның техникаларын жергілікті және алыс шетелден келген студенттерге үш тілде жаттықтырушылары түсіндірді. Білім алушылар жақсы деңгейде ойын көрсетті және талапқа сай іріктелініп алынды.

04.10.2024, 14:22
272 қаралым