Басқаға мереке сыйлау – оңай іс
1-наурыз – Алғыс айту күні. Осы мерекенің құрметіне студенттер мен колледж оқушылары “Дәрілер технологиясы” кафедрасының оқытушылары жетекшілерімен “Шымкент мамандандырылған бөбектер үйіне” туылғаннан 4 жасқа дейін тұратын балаларға барып қайтты. Студенттер атынан гигиеналық құралдар, балалар қоспасы, шырындар, тәттілер сатып алынды, күлше нандар мен торттар пісірілді.
Алғыс ретінде балалар әр түрлі билер билеп, тақпақтар мен өлеңдер оқыды.
Балаларға бөлшекті қуаныш, мейірімділік пен қамқорлық сыйлағанымызға үміттенеміз. Балалардың күлкін көріп, біздің күш-жігеріміз зая болмағанына қуаныштымыз.
06.03.2017,
09:07
442 қаралым