«Бақыттың кілті өзіңде» тақырыбындағы дөңгелек үстел
29.01.25ж. күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы, "Қазақстан" медициналық колледжі және Жастар ресурстық орталығының қатысуларымен " Бақыттың кілті өзіңде" атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: жастардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық, әлеуметтік жағдай жасау сондай ақ қоғамда болып жатқан мәселелерді кеңінен талқылау.
Дөңгелек үстелге Шымкент ҚПД, Криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлім бастығы, полиция подполковнигі Ж. Ш. Нұржанұлы, тәжірбиелі психолог, гештальт-терапевт С. С.Асанова, Абай АПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан корғау тобының полиция майоры Г. Бектемисова, Шымкент ҚПД, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Б. Карбеков, Энергетика және байланыс колледжінің тәжірибелі психологы, арт терапевт –Ж.К. Арыстанова және т.б. білікті психолог мамандар қатысты. Кездесу барысында қоғамда жастар арасында белең алып жатқан өзекті мәселелер қызу талқыланды. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Ж.О.Нуржанбаева жастарға қажетті құқық бұзушылық және қылмыс, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания, нашақорлық, зорлық-зомбылық, суицид және ерте жүкітіліктің алдын-алу мәселелері бойынша сөз қозғап, пікірін білдірді.
Маңызы зор тақырыптағы шара соңы сұрақ жауаптар, пікір алмасулармен аяқталды.
