Балалар өмір гүлі!

2021 жылдың 1 маусым күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен, студенттік кәсіподақтың қолдауымен академия белсенді студенттері мен жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері Шымкент қаласы Шығыс мөлтек ауданындағы Сәбилер үйіне барып қайтты.

1714 1

Белсенді студенттер балаларға керекті дәрумендер мен ойыншықтар сыйға тартты. Сәбилер үйі әкімшілігі академияға үлкен алғыстарын білдірді.

1714 2

«1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні» 1950 жылдан бастап аталып келеді. Бұл мейрам ескі халықаралық мейрамдардың бірі болып саналады. Жаздың алғашқы күнін көптеген мемлекеттерде Халықаралық балаларды қорғау күнімен бастайды. Баршаңызды Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

1714 3

01.06.2021, 22:37
498 қаралым