Бала - өмірдің жалғасы, елдің болашағы!

2023 жылдың 1 маусым күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының қолдауымен академия белсенді студенттері мен жастар саясаты бөлімі, кафедра оқытушылары Шымкент қаласы Шығыс мөлтек ауданындағы Сәбилер үйіне барып қайтты.

Қызметкерлер балаларға керекті шөп дәрілер мен дәрумендер сыйға тартты. Сәбилер үйі әкімшілігі академияға үлкен алғыстарын білдірді.
Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Барлық сәбилерге бақытты балалық шақ, әрдайым шаттық күлкі тілейміз!

02.06.2023, 15:52
582 қаралым