Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы
Жұмабаев Нарбек Жұмабайұлы – фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының проф м.а., фарм.ғ.к.
Қазакстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 12-1)-тармағына және Туркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы Nº29/315-VI «Туркістан облысының (Туркістан облысы қаласының , ауданының ) Құрметті азаматы» атағын беру қағидасын бекіту туралы шешіміне және Туркістан облыстық мәслихаты төрағасының 2024 жылғы 5 шілдедегі Nº739 хатына сәйкес Бәйдібек аудандық мәслихаты шешім кабылдады: Ауданның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қосқан елеулі улесі ушін : Жұмабаев Нарбек Жұмабайұлына Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілсін.