Бүкіләлемдік тазалық күні
2020 жылдың 19-20 қыркүйек күндері «Бүкіләлемдік тазалық күніне» орай академияның белсенді студенттері облыс орталығы, Түркі елінің рухани Астанасы Түркістан қаласына сенбілікке барып қайтты.
Сенбілік барысында студенттер Rixos Turkistan қонақ үйінің маңында абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Тазалық – денсаулық кепілі демекші, студенттер қашықтан оқу кезінде достарымен қауыштырып, ағзаны қимылға келтірген бұл сенбіліктің берген пайдасы мол екендігін жеткізді.
2 күндік сенбілікте студенттердің 3 мезгіл тамағы мен жол шығынын академия әкімшілігі өтеді. Сенбілік соңында студенттерге Алғыс хаттар таратылды.
21.09.2020,
04:31
