Қазақстанның Тұңғыш Президенті қоры «Ғылыми зерттеулерге гранттар» байқауының жеңімпазын атады
2017 жылдың 14 сәуірінде Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясында Оңтүстік-Қазақстанның алдыңғы қатарлы ЖОО-ларының студенттері мен оқытушылары Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Қорының өкілдерімен «Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Қоры» жобасы аясында кездесті.
Кездесу барысында Қазақстанның «Тұңғыш Президенті қорының ғылыми зерттеулерге гранттар» байқауының жеңімпазы – ОҚМФА геномдық зерттеулер зертханасының алдыңғы қатарлы ғылыми қызметкері, б.ғ.к. Бурабаев Асылбек Амирбекович марапатталды.
Нақты ақпарат Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Қорының ресми сайтында берілген. presidentfoundation.kz және БАҚ-да kazdala.kz
14.04.2017,
23:58
454 қаралым