Қазақстанның тәуелсіздігіне 25-жыл ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ ДӘРІЛІК ФОРМУЛЯР ЖӘНЕ «ДЕНСАУЛЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ КӨЗ-ҚАРАСЫМЕН
Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы 4-ші курс студенттерінің және облыстық денсаулық сақтау мен фармацияны басқару жүйесі өкілдерінің қатысуымен «Дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудің ұлттық саясаты-жүзеге асырудың іс-әрекеттері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.
2016-2019 жылдарда «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы, 2015 жылы аяқталған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының логикалық жалғасы болды-деп дөңгелек үстелді ашу барысында кафедра меңгерушісі,фарм.ғ.д.,профессор К.Д.Шертаева атап өтті. Қазақстанда ҚҰФ мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мен қолданысқа енгізу туралы ақпараттармен студенттер Қ.Рысқұл, А.Түлепбаева, Н. Саматулла баяндады.ОҚМФА кафедра меңгерушісі, фарм.ғ.д., проф. Б. А.Сағындықова фармация саласында қолданылатын терминологияның маңызын атап өтті. Кафедра меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор С. К. Ордабаева үздік әлемдік тәжірибе - Британ формулярын негізге ала отырып, Қазақстан үшін ҚҰФ енгізудің маңыздылығын айтып өтті. «Даму» Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық және медициналық ұйымдардың ассоциациясының өкілі- Р.С.Алматова «тиісті дәріханалық тәжірибе» бойынша стандарттарды зерттеуді тереңдетуді ұсынды. ОҚО денсаулық сақтау басқармасының дәрілік заттармен қамтамасыз ету және лицензиялау бөлім басшысы - Бегайдарова Л.У. тәжірибелік денсаулық сақтау өкілдерімен жиі кездесуге кеңес берді,ОҚ тұрғындарының денсаулығының қауіпсіздігі үшін ҚҰФ енгізудің қажеттілігін атап өтті. Бас маман ретінде Шымкент қаласы әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы ретінде Путилин Н. аудитория (Шымкент қаласының және облысы зейнеткерлері, мүгедектері,көп балалы отбасылары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және соған теңестендірілгендер,сонымен қатар,ЖОО және колледж студенттері) сенімді және қажетті ақпараттарға мұқтаж,әлеуметтік желілерде бейнероликтерді,кітапшаларды тарату осы салада білім деңгейін жоғарылатуға қабілетті болады деп есептейді.
Өмір сүрудің ұзақтығын жоғарылату, қолжетімділікті арттыру, медициналық көмектің толықтығы және сапасы, тегін амбулаторлы-дәрілермен қамтамасыз етуді кеңейту, денсаулық сақтау бейресми төлемдерінің деңгейін төмендету, жаңа және қауіпсіз медициналық технологияларға және дәрілік заттарға қолжетімділікті қамтамасыз ету барлығы бірге тұтастай қоғамның және азаматтардың денсаулығын нығайтуға ықпал етеді.