«Қазақстан жасасын!»
Осындай ұранымен 2016 жылдың 8 желтоқсанда әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасы салтанатты іс-шара өткізді. Салтанат ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл болғанына арналған. Іс-шараға бөлімшелердің бастықтары, студенттер қатысты. Бір сағаттан астам академия күмбезінде қазіргі және классикалық музыкалық шығармалар орындалған, солисттер жеке өнер көрсетті. Мерекелік іс-шара ашылуы фармацевтикалық факультетінің деканы, профессор Н.Ж.Жұмабаевтың сөзінен басталды. Ол Қазақстан тәуелсіздікке жету үшін азапты жол өткен туралы көрермендерге баяндады.
Іс-шараның бағдарламасына қазақ ұлттық аспапта (домбыра) қүй орындау, қазақ, өзбек және кавказ ұлттық билер, Қайрат Рыскулбеков туралы сахналық қойылым, өлеңдер шумақтары мен монологтар кірді. Концерт ауқымымен қайран қалдырды, ал қатысушылардың орындау шеберлігі тіпті ұйымдастырушылардың өздерін таңғалдырды.
Мерекелік іс-шара қуанышты және албырт аяқталуды білдірген флэшмобпен аяқталды.