«Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындары арасындағы үздік түлек -2016»
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың мамыр айының 11-12 күндері аралығында «Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындары арасындағы үздік түлек -2016» байқауы өткізілді. Байқау Алматы қаласында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде болып өтті.
Осы байқауға біздің Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясынан ең үздік деген бітіруші 4 дәрігер-интерн қатысты. Олар:
Әсетіллә Ерлан Мұсахметұлы -интерн хирург;
Сатыбалды Майра Асылбекқызы -интерн терапевт;
Мирхаликова Шойра Камиловна -интерн жалпы тәжірибелі дәрігер;
Серкбаева Жулдыз Анапияевна -интерн акушер-гинеколог.
Байқау нәтижесі бойынша біздің Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясынан «Хирургия» мамандығы бойынша үшінші орынды Әсетіллә Ерлан Мұсахметұлы және Серікбаева Жұлдыз Анапияқызы "Үздік акушер-гинеколог"атағына (номинациясына) ие болды.