Қазақстан Республикасы ЖОО-ның талап етуінің ұлттық рейтингі – 2019 нәтижесі

1390 1

ОҚМА жыл сайын Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА/НААР) өткізетін Қазақстан республикасының жоғары оқу орындарының талап етуінің Ұлттық рейтингісіне қатысты.

Жоғары оқу орындарының талап етуінің Ұлттық рейтингі -2019 – ға еліміздегі 87 жоғары оқу орны қатысты.

ОҚМА бакалавриат және магистратураның 5В110300 - Фармация, 6М110100 - Медицина, 6М110400 - Фармация мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын саралауға ұсынды.

ОҚМА ҚР жоғары оқу орындарының «топ 20» бас рейтингісінде 20 жоғары оқу орындарының қатарына кірді, ол жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларының барлық қырларын көрсетуге мүмкіндік беретін есептеудің сандық әдістеріне негізделген.

ОҚМА мамандарды дайындау бағыты бойынша жоғары оқу орнының институциональді рейтингісінде 4 орынды иеленді.

ОҚМА жоғары оқу орындарының мамандарды даярлаудың деңгейлері мен бағыттарына сәйкес білім беру бағдарламалары бойынша келесі орындарға ие болды:

5В110300 – «Фармация» - 1 орын

6М110100 – «Медицина» - 3 орын

6М110400 – «Фармация» - 1 орын.

АКАДЕМИЯ ҰЖЫМЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

15.05.2019, 05:10
348 қаралым