Қазақстан мен Өзбекстанның фармацевтика саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі

2017 жылдың 23 ақпан күні Астана қаласының Тәуелсіздік Сарайында ҚР инвестициялар және даму Министрі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек және Өзбекстан  сыртқы экономикалық байланыстар Министрі Элер Маджидович Ганиевтің қатысуымен Өзбекстан Республикасының Президентінің Қазақстанға сапар аясында 500-ден астам бизнес өкілдері қатысқан Қазақстандық-Өзбекстан Бизнес-Форумы өтті. 

951 2

Бұл форум аясында Оңтүстік Қазақстандағы Фармацевтикалық кластер (құрылтайшыларының бірі ОҚМФА болып табылады) атынан Президент Нұрмашев Бекайдар Қалдыбайұлы және Мемлекеттік концерн «УЗФАРМСАНОАТ» атынан басқарма Төрағасы Дусмуратов Мирзанозим Мирзабекович бірлескен фармацевтика саласын дамыту бойынша келісімге қол қойды.

951 3

951 1

29.03.2017, 20:52
454 қаралым