Қазақстан кардиологтарының Х конгрессі, Қазақстан Республикасы терапевттерінің V съезі
6-8 маусым 2018 ж. Алматы қаласында ДДҰ МСАК жөніндегіАлматы Декларациясының 40-жылдығына арналған Қазақстан кардиологтарының Х конгрессі, Қазақстан Республикасы терапевттерінің V съезі болып өтті. Форум жұмысына Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі Ж.А.Қауызбай және Жедел медициналық көмек кафедрасының меңгерушісі А.А.Сейдахметова қатысты.
ҚР терапевттері Ассоциациясының Президенті м.ғ.д., профессор Т.З.Сейсембеков терапевт-дәрігерлердің рөлін, МСАК жағдайындағы негізгі дәрежедегі дәрігерлер ретінде атап өтті.
Интервенция кардиологиясы саласындағы жетекші мамандардың қатысуымен Сателлитті симпозиумдар, шеберлік-сыныптар өткізілді.
Форум қатысушылары келесі секциялар бойынша жұмыс істеді:
• Кардиология
• Жүрек және диабет
• Пульмонология
• Веналық және артериялық тромбоздардың алдын алу және емдеу
• Кардиохирургия
• Ревматология және нефрология
• Алдын-алу және терапевттік қызметті, курортология және медициналық реабилитологияны ұйымдастыру
• Клиникалық фармакология
Ж.А.Қауызбай «Қазақстанның әр аймағында метеорологиялық факторлардың артериялық гипертензия ағымына әсері» тақырыбында баяндама жасады.