«Қазақ хандығына 550 жыл»

550 жыл бұрын қазақ халқының ұлы хандары Керей мен Жәнібек тұңғыш рет барлық қазақ жүздерінің басын біріктіріп, ұлы Қазақ хандығын құрды, осы мезеттен бастап біздің жерімізде болған көптеген оқиғаларға қарамастан бұл Қазақстан тарихындағы үлкен маңызды оқиға болып саналады. 
Өз халқының тарихын пір тұта отырып, фармакогнозия және химия кафедрасының тәлімгерлері өздерінің тәлімгерлік топтарымен бірге 28.03.15 ж. сағат 1100 –де ОҚМФА-ң акт залында іс-шара ұйымдастырды, іс-шараға академия мен колледж студенттері және ОҚМФА-ң әкімшілігі қатысты.  Бұл іс-шараның жүргізушілері 203 фк тобының студенттері: Жұмабаев Нұрдаулет Нарбекұлы және Сейткаримова Әсел болды. 
«Қазақ хандығының құрылуы» жайында қойылым. 202 фк тобының студенттері.  
«Тұсау кесер» қойылымы. 201 фк, 204 фк «А» тобының студенттері.  
 
 
Ұлттық қазақ биі. 202 фк, 201 фк «А» тобының студенттері.
 
 
Даткаева Алуаның орындауында «Үш бақытым» әні.
 
 
Іс-шараның ұйымдастырылуы өнер көрсеткен студенттер мен көрермендерге тәуелсіз Қазақстанның пайда болуы мен дамуының маңызын тағы да сезінуге қадам жасатты. Өз  халқыңның тарихын біліп және оны сыйлай отырып жарқын болашаққа нық қадам басуға болады!
 
 
06.04.2015, 03:03
521 қаралым