"Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары – тәлім-тәрбие мектебі" атты дөңгелек үстелі өтті.

21.11.2024 ж. Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушылары Жакипова А.С. мен Кемелхан Д.Ж. ұйымдастыруымен "Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары – тәлім-тәрбие мектебі" атты дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстелді кафедра аға оқытушысы ф.ғ.к., доцент м.а. Г.Қ. Темірбекова ашып беріп, Шымкент қаласы жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Ж.Көшенқызы "А.Байтұрсынұлының әдеби мұрасы" атты баяндама оқып берді. Ары қарай студенттер А.Байтұрсынов аударған мысалдар жинағын мағынасын ашып талқылау жүргізді. Дөңгелек үстел соңында Жастар саясаты бөлімінің маманы Н.Қ.Чапай дөңгелек үстелді қорытындылап, дөңгелек үстелге белсене қатысқан студенттерге ОҚМА тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Е.Қ.Сәлім атынан алғыс хат табыстады.

21.11.2024, 18:18
179 қаралым