«Ауған соғысының - барыстары»

Жас ұрпаққа ұлтын сүйетін патриот азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі таңда барша азаматтардың басты міндеті. Қай елде патриоттық тәрбие көрсеткіштері жоғары болса, сол елде саяси тұрақтылық пен экономиканың қарыштап өрістейтіні белгілі.

Елімізде жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бүгінгі күннің өткір мәселесі. Дәл осындай бағытты ұстана отырып, 2015 жылдың 19 ақпан күні сағат 15:00-де академияның үлкен мәжіліс залында тәрбие ісі бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстандық патриотизм сезімін көтеруге, патриоттық құндылықтарға саналы оң қарым-қатынасты, белсенді азаматтық ұстанымды іске асыруға ұмтылуды қалыптастыру мақсатында студенттер арасында Ауған соғыс жауынгерлерімен «Ауған соғысының - барыстары» атты тақырыпта ауқымды кездесу өткізілді.

 

22.02.2015, 16:50
495 қаралым