«Атамекен» патриоттық диктант байқауы

2022 жылдың 14 қазан күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күні мерекесіне орай «Атамекен» тақырыбында патриоттық диктант байқауы өткізілді.
Байқауға 1 курс барлық мамандықтардан 60-тан аса үміткер қатысып, білімдерін сынады. Байқау қорытындысы бойынша жүзден жүйрік болып, әділ қазылардың шешімімен І орын В-ФӨТҚБ-05-22 тобының студенті А.Б.Әмірбек; ІІ орын В-ЖМҚБ-05-22 тобының студенті М.Н.Бекмұрат; ІІІ орын В-ФӨТҚА-05-22 тобының студенті Д.Б.Тастанбек иеленді. Байқау жеңімпаздарына алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

18.10.2022, 14:50
385 қаралым