Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы!
2022 жылдың 31 тамыз күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының үлкен мәжіліс залында Ғылыми-кеңес пен ҚР Конституция күніне орай жиын өткізілді. Жиынды ОҚМА ректоры М.Рысбеков ашып, ұжымдастарды Конституция күнімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ж.Нұржанбаева баяндама жасап, Ата Заңымыздың маңызы мен тарихына тоқталып өтті. Әр факультет декандары көктемгі сынақ-емтихан нәтижелері бойынша корытынды баяндамаларын жасады.
Халқымыз бірлікте, татулықта тыныш өмір сүрсін! Еліміздің абыройы мен мәртебесі асқақтай берсін! Конституция күні құтты болсын!
01.09.2022,
15:56
443 қаралым