«Ата салтым – алтын қазынам!»

Наурыз мейрамы – Орта Азия халқы үшін көктем келіп, күн жаңаратын достық пен сыйластық мерекесі болып табылады. Мереке қарсаңында, Ұлыстың Ұлы күнін ұлықтау және ОҚМФА студенттеріне қазақ халқының ұлттық нақышта салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында «Дәрілер технологиясы және инженерлік пәндер» кафедрасы,  «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия» кафедрасымен бірігіп мерекелік іс-шара өткізді. 

Аталмыш кафедралардың тәлімгерлік топтарымен «Ата салтым – алтын қазынам!» тақырыбында өткізілген бұл шарада студенттер халқымыздың әсем де әсерлі «Қыз ұзату» салтын жаңғыртып, жаңа екпін берді. Ән-күй, би қалықтаған меркенің көрермендерге берері мол, көрсетері ерекше болды десек қате айтпаймыз.

 

27.03.2015, 21:42
785 қаралым