Астана қаласында медицина еріктілерінің форумы өтті

27-29 қараша аралығында Астана қаласында медицина еріктілерінің форумы өтті. Форум барысында 20 аймақтан келген, денсаулық сақтау саласында белсенді қызмет атқарып, ерекше үлес қосқан еріктілер алғыс хаттармен марапатталды. Соның ішінде Шымкент қаласының белсенді медицина еріктілері Асқар Мерей, Мирахмет Айгерім, Үсен Мөлдір, Мұрат Еркебұлан алғыс хаттармен марапатталды. Осы уакытқа дейін "Saulyg life" бағдарламасы бойынша Шымкент қаласының атқарған жұмыстарын көрсету мақсатында Шымкент қаласының кординаторы Асқар Мерей Еламанқызы Астана қаласында баяндама жасады. Шымкент қ. жастар арасында репродуктивті денсаулық туралы білімінің одан әрі дамуына қосар идеямыз бен атқарар жұмыстарымыздың легін осы оқу жылында әрі қарай сәтті жалғастыру жоспарлануда.

03.12.2024, 13:06
154 қаралым