«Астана медицина университеті» КеАҚ мен «ОҚМА» АҚ арасындағы оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы

«Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасына 01.04.2024 ж. мен 05.04.24 ж. аралығында академиялық ұтқырлық шеңберінде «Фармацевтикалық пәндер» кафедрасының профессоры, д. фарм Арыстанов Ж. М. келді.
Профессор оқу үдерісін ұйымдастырумен және ФІҰБ кафедрасының қызметкерлерімен танысты. «Фармациядағы тиімді коммуникациялар» пәні бойынша «Фармация» мамандығынан 2 курс білім алушыларына дәріс және тәжіребелік сабақтар өткізді.
Академиялық ұтқырлық оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерге зерттеу, оқыту және білім алмасу үшін түрлі мүмкіндіктер береді, осылайша ҚР Білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.

04.04.2024, 17:20
284 қаралым