Қашықтан білім беру технологиясын түсіндіру бойынша фармация факультеті деканының студенттермен онлайн-кездесуі

2020 жылы 14 сәуірде АҚ «ОҚМА» фармация факультетінің деканы Дауренбеков Қ.Н. факультет студенттерімен жазғы емтихандық сессияны және бітірушілердің Қорытынды мемлекеттік аттестаттауды қашықтан білім беру технологиясын қолдану арқылы өткізудің мәселелері туралы онлайн-кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттер өздерін толғандыратын сұрақтарына қажетті мәліметтер мен тұщымды жауаптар алды және емтиханды қашықтан өткізудің тиімді және өзекті тұстары жан-жақты талқыланды. Қорытындысында білім алушыларға келесі сұрақтар бойынша түсіндірмелер жүргізілді: прокторинг бағдарламасын қолдану арқылы аралық және қорытынды Мемлекеттік емтихандарды өткізу, қашықтан дипломдық жобаларды қорғауды және кәсіби тәжірибелерді ұйымдастыру, сонымен қатар қашықтан оқытудың күнделікті өзекті мәселелері де қарастырылды.

1522 1

1522 2

14.04.2020, 04:00
278 қаралым