Армрестлингтен XIV әлем Кубогы

2017 жылдың 18-19 қараша күндер аралығында Польша елінің Румя қаласында армрестлингтен «Zloty Tur World Cup-2017» атты әлем Кубогы өтті. Жарысқа 50-ден астам елдердің қол күрескерлері арасында Қазақстаннан 26 спортшы қатысты. Жалпы есепте қазақстандық спортшылар екінші орынға табан тіреді. 

1137

 

Жарыс нәтижесінде біздің құрама 4 алтын, 4 күміс, 1 қола медальдарға қол жеткізді. Жеңімпаздардың бірі - академияның 2 курс магистранты, «Шардара армспорт» клубының спортшысы Шамиев Мағжан, сол қолмен қол жығысу жарысында III орын, ал оң қолмен II орынды иеленді. 

1138

Азия, Еуропа, әлем чемпионаттарының көптеген медальдардың иегері, Қазақстан Республикасының атын әлемге шығарып жүретін Мағжан әрдайым біздің үмітімізді ақтап жүр. Оны жеңіске жеткенімен құттықтаймыз және де жеңісті жолын жалғастыруына тілектеспіз!

 

 

 

 

 

27.11.2017, 05:03
270 қаралым