Архив құжаттарының жинағы жарияланды

2022 жылдағы желтоқсанның 30-ы күні Түркістан қаласында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Түркістан облыстық комиссиясының жұмысшы тобы дайындаған кітаптардың тұсау кесер рәсімі болып өтті.

Ғалымдардың «Арыс» баспасынан (Алматы қаласы) жарияланған еңбектері қатарында Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, т.ғ.д. Х. Тұрсұн және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Түркістан облыстық комиссиясы жұмысшы тобының мүшесі Қабыл Алғабек Әділбекұлының құрастыруындағы «Қазақстаннан тыс жерлерге ауа көшкендер. Архивтік құжаттар мен естеліктер жинағы» кітабы бар.

Отандық тарихтағы «ақтаңдақтар» туралы ғылыми құндылығы зор зерттеулік еңбекті көпшілік үлкен ықыласпен қабылдайды деп сенеміз.

09.01.2023, 17:19
734 қаралым