«Ардагерлерді ардақтайық!»

«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері тарапынан Ұлы Отан соғысының, еңбек және жалғыз басты ардагерлеріне тұрақты түрде көмек көрсетіліп келеді.

2015 жылдың 11-шi ақпан күнi Оңтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк Фармацевтика академиясының «Жас Отан» жастар қанатының белсендiлерi, «Ардагерлердi ардақтайық!» партиялық жобасына өз үлестерiн қосты. Ұлы Отан соғысы ардагерлерiнiң жағдайымен танысып, келе жатқан Ұлы Жеңiстiң 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. Батыр аталарымызбен қызықты әңгiме құрып, қандай да бiр көмекке мұқтаж екенiн сұрап, баталарын алды.

 

 

15.02.2015, 14:58
603 қаралым