Ақпараттық күн

2024 жылғы 15 қазанда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Қазақстандағы Erasmus + Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Калабаевна Палуанова профессор-оқытушылар құрамына, қызметкерлер мен білім алушыларға арналған Erasmus+ бағдарламасы туралы ақпараттық сессия өткізді.
Лаура Калабаевна Erasmus+ бағдарламалары, мысалы, жоғары білім беру әлеуетін арттыру (ППВО), халықаралық кредиттік ұтқырлық (МКМ), Erasmus Mundus Joint Masters (EMJM) бірлескен магистрлік бағдарламаларын іске асыру мүмкіндігі туралы ақпаратты ұсынды.

ЖОО басшылығымен кездесуде ОҚМА ректоры Жанна Серікжанқызы Сейтжанова ұжымның халықаралық жобаларды іске асыру жөніндегі бастамаларын қолдайтынын атап өтті.

Кездесу барысында ЖОО (ModeHed, AcceleD, LMQS) іске асыратын Erasmus+ аяқталған және ағымдағы жобаларының үйлестірушілері сөз сөйледі. Кездесу барысында Erasmus + LMQS жобасы аясында құрылған зертхана бойынша экскурсия өткізілді.

16.10.2024, 15:13
201 қаралым