АҚ ОҚМА бітіруші түлектерін жұмысқа орналастыруға белсенді жәрдемдесу

Бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыруға белсенді жәрдемдесу біздің академиямыздың маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады. Оны іске асыру үшін ЖОО жұмыс берушілермен және серіктестермен тұрақты түрде кездесулер өткізеді. Солардың бірі интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру деканатының ұйымдастыруымен Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы және түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілермен 2022 жылдың 31-ші наурызында жәрменке өткізілді.
Кездесуге бакалавр, интернатура және резидентура түлектері қатысты. Іс-шараны интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру деканы К.С. Кемельбеков жүргізді.

Жұмыс берушілер тарапынан жас мамандар алдында "Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ персоналды басқару және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Гүлжанат Орынтайқызы Елтаева, Павлодар облысының ШЖҚ "Ақтоғай орталық аудандық ауруханасы" КМК бас дәрігері Гүлбахыт Ғалымқызы Құрманғалиева, Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Тимирязев орталық аудандық ауруханасы" КМК бас дәрігері Жанар Әлібайқызы Қосубаева, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының КМК"Қаражал қаласының орталық ауруханасы" бас дәрігері Ерлан Наурызбайұлы Базарбеков сөз сөйледі. Сондай-ақ Ақтоғай ауданының (Павлодар облысы) «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің бас маманы Билялова Лаззат Жалеловна қатысты және маман ретінде өте қажетті ақпараттармен бөлісті.

Кездесу барысында түлектер үшін ең өзекті мәселелер, соның ішінде аталған медициналық мекемелердегі кадр тапшылығы, еңбек жағдайлары, ұсынылатын әлеуметтік пакеттер талқыланды. Бітірушілердің бір бөлігі академияны бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуда қиындықтарға тап болатыны белгілі. Осындай кездесулер жұмысқа орналасуда белсенді көмек көрсетуге және әрбір түлекке өз білімі мен дағдыларын іске асыруға мүмкіндік беруге бағытталған.

04.04.2022, 17:48
440 қаралым