AntiParaCraft квест ойыны

2024 жылдың 15 наурыз күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ЖОО арасында қалалық «AntiParaCraft» квест ойыны өткізілді. Сайысқа Шымкент қаласының 8 жоғары оқу орны қатысты. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясынан құралған топ жүлделі 3 орынға ие болды. Сонымен қатар топ капитаны Оралбек Нурила «Үздік топ капитаны» номинациясымен марапатталды. Екі бірдей жеңіспен оралған оқу орнымыздың үздіктері алдағы уақытта Астана қаласында өтетін квест ойынына Шымкент қаласының атынан бару жолдамасына ие болды.

18.03.2024, 17:15
124 қаралым