АҢДАТПА! МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ АШУҒА ЖӘНЕ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ МАСТЕР-КЛАСТАРЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ
2022 жылдың 1 шілдесінде сағат 10.00-де Шымкент темір жол емханасы толық жөндеуден кейін "PARK HEALTH" медициналық клиникасы деген атпен пациенттерге есігін айқара ашады.
Ашық есік күні аясында "ҚДСЖМ" ҚМУ (Алматы қ.) және ОҚМА (Шымкент қ.) профессорлары "Жылдам өсіп келе жатқан мегаполис жағдайында БМСК" тақырыбында семинар, шұғыл жағдайлар бойынша түрлі мамандар мен парамедиктерге арналған мастер-класстар өткізеді.
Сонымен қатар, еліміздің жетекші дәрігерлері емханаға тіркелген азаматтарға арналған тегін кеңес жүргізіледі.
Ашылу салтанатына Шымкент қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен қоғамдық медициналық сақтандыру қорының басшылары, медициналық ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының басшылары, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері қатысады.
Сіздерді келесі мекенжай бойынша күтеміз: Шымкент қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 26-ғимарат, "PARK HEALTH" медициналық клиникасы. Тел.+7 7252 95-37-00, 8-702 310 01 06.