АЛЫС ЖАҚЫН ШЕТЕЛ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

2024 жылдың 15 қазан күні  Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен  ОҚМА АҚ Халықаралық факультетінің «Жалпы медицина», «Медицина» білім беру бағдарламалары бойынша алыс жақын  шетел студенттері мен «Әл-Фараби аудандық  Көші-қон қызметі бөлімінің» қызметкері арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы Искендиров Абылайхан Асанханович шетелдік азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының зандық ережелерін айтып, білім алушыларға Қазақстан Республикасына білім алу мақсатында уақытша көшіп келу мен кетудің ережелерін толығымен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ішкі тәртібін сақтау керек екендіктері бірқатар айтылып өтті. Кездесу соңында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, жоғары деңгейде өз сұрақтарына жауап алды.

16.10.2024, 10:11
200 қаралым