«Алғашқы медициналық көмек» көрсету шебер сағаты

2023 жылы 21 қыркүйек күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы Болашақ колледжі студенттеріне “Алғашқы медициналық көмек” көрсету шебер сабағын өткізді. Акцияға оқу орнымыздың Болашақ АЖО жанындағы «Еріктілер» ұйымы студенттері ат салысты.
Алғашқы медициналық көмек оқыс оқиға болған орында зардап шеккен немесе күрт науқастанған адамға "жедел жәрдем" келгенге дейін алғашқы медициналық ем шараларын жасауды қарастырады. Алғашқы медициналық көмек жәбірленуші қандай жарақат алуына қарай көрсетіледі.

Алғашқы медициналық көмек көрсетуді тек медицина қызметкерлері ғана емес барлық азаматтар мен азаматшалардың білуі тиіс. Сіздермен ОҚМА белсенді жастары!

21.09.2023, 16:29
354 қаралым