“Алғашқы медициналық көмек” көрсету сабақтары
24.05.2022ж күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасына қарасты «Болашақ АЖО» құрамына кіретін Жас Отан ұйымы белсенділері ИТК және Тамақтандыру индустриясы коледждерінің 1 курс студенттеріне “Алғашқы медициналық көмек” көрсетудің кезекті сабақтарын өтті. Сабақ барысында адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шараларды көрсетті.
Алғашқы медициналық көмек көрсетуді тек медицина қызметкерлері ғана емес барлық азаматтар мен азаматшалардың білуі тиіс. Сол себепті белсенділеріміз алдағы уақытта да өз білгендерімен бөлісуден шаршамайтынын жеткізді. Денсаулықтарыңыз мықты болсын.
Сіздермен ОҚМА белсенді жастары!