Алдыңғы қатарлы орталықтармен академиялық серіктестік
Жаңа жыл қарсаңында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры, профессор М.М.Рысбековтің Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Академик В.Вахидов атындағы Республикалық мамандандырылған ғылыми-тәжірибелік хирургия медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры м.ғ.д., ӨР ҒА-ның академигі Назиров Феруз Гафуровичпен кездесуі өтті.
Тараптар магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойды, бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары мәселелерін талқылады. Екі жақтың ресурстарына кіру мүмкіндігімен академияның және Орталықтың базаларында оқу және өндірістік тәжірибеден өту үшін студенттермен алмасу келісіміне қол жеткізілді.
Бұл ОҚМА-ның халықаралық ғылыми қызметін дамытудағы, халықаралық ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламалар мен жобаларға қатысу ауқымы мен сапаны көтерудегі кезекті қадамы.