Академиялық ұтқырлық аясындағы профессорлық оқулар

2022 жылдың 14 мен 25ақпан аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында КАҚ «Қарағанды медициналық университетінің» шақыруымен Сағындықова Баян Ахметқызы, фарм.ғ.д., профессор «Арнайы дәрілер технологиясы және биофармация» пәнінен 5курс фармацевтикалық факультет студенттеріне онлайн форматта лекция оқыды. Студенттер жоғары кәсіби деңгейде оқылған лекциялар үшін профессорға, 7 оқулықтың авторы, С.Д.Асфендиярова атындағы алтын медаль иегеріне ризашылық білдірді және үлкен алғыс айтты.

01.03.2022, 10:57
405 қаралым