Академиялық ұтқырлық жүзеге асырылуда

Академия ректоры, профессор Рысбеков Мырзабек  Мырзашұлы Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясында академиялық семестрді табысты аяқтаған Башқұрт мемлекеттік медициналық университетінің (Ресей, Уфа қ.) студенттерімен кездесті.

1169 1

Серіктес-жоғары оқу орнының студенттері біздің қаламыз, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен қонақжайлылығы туралы өз әсерлерімен бөлісті. Студенттер тәжірибелік дағдыларды заманауи құрылғыларда игеруіне мүмкіндік берілгендігін ерекше атап өтіп, алғыстарын білдірді.

1169 2

Студенттерге сертификаттар мен естелік кәдесыйлар берілді.

1169 3

05.06.2018, 07:03
385 қаралым