Академиялық ұтқырлық бағдарламасы
2018 жылдың 12 ақпан күні ОҚМФА-ға академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Башқұрт мемлекеттік медицина университеті (Уфа қ., Башкортостан, Ресей) фармацевтикалық факультетінің 4 студенті Кинзябаева Азалия, Султанова Лилия, Шайбакова Ангелина, Хузина Эльвина оқуға келді.
Студенттер көктемгі семестрде оқып, келесі пәндерді зерттейтін болады: фармацевтикалық химия, биоаналитикалық химия және токсикология, инновациялық фармацевтикалық технологиясы, фармацияны басқару және экономикасы, медициналық және фармацевтикалық тауартану және т. б.
Серіктес ЖОО-ның студенттерін академияның ректоры, профессор Мырзабек Мырзашевич Рысбеков қабылдады.
Башқұрт ЖОО-ның студенттерімен алмасу соңғы бес жыл ішінде жүргізілуде. Сонымен қатар, ОҚМФА студенттер тобы Башқұрт серіктес ЖОО-да 2018 жылдың 12 ақпан күні сабақтарға кірісті.