Академияішілік воллейбол жарысы өтті
2021 жылдың 11 қараша күні «Барыс» спорт клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай академияның ұйымдары арасында воллейбол ойыны бойынша жарыс өткізілді. Аталған шара №1 оқу ғимаратындағы спорт залда өткізіліп, жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Жарысқа әр ұйымнан спортқа жақын студенттері таңдалып, қатысқан жарыс өте тартысты, әрі қызықты болды.
Жарыс нәтижесі бойынша 1-орынды «Академия» ұйымы, 2-орынды «Шабыт» ұйымы, 3-орын «Медицина колледжі» ұйымы иеленді.
Барша қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
19.11.2021,
16:46
