Академияда коммерцияландыру және жобаларды басқару офисі ашылды

Құрметті Академия қызметкерлері мен білім алушылары! 5 қазанда үлкен мәжіліс залында @skma.project коммерцияландыру және жобаларды басқару офисінің ашылу күні өткені туралы хабарлауға қуаныштымыз.
Ашылу күні барысында жаңа офис қызметкерлері қонақтармен танысып, ғылыми зерттеулер, биостатистика және коммерцияландыру саласындағы алдағы іс-шаралар туралы талқылады. Барлық тілек білдірушілерді консультация алуға шақырамыз, сіздерге пайдалы боламыз деп үміттенеміз!

06.10.2022, 16:00
518 қаралым