Академия қызметкерлері "Технологияларды коммерцияландыру алаңына" қатысты

2022 жылғы 28 қазанда "Технологияларды коммерцияландыруға арналған алаң" атты іс-шараға ҒКЖДжМ басқармасының басшысы А. Жақсылық және жобаларды коммерцияландыру және басқару офисінің менеджері М. Шертай қатысты. Іс-шараны "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК және "Ғылым қоры" АҚ ұйымдастырды. "Алаңға" ғалымдар, зерттеушілер, технологияларды коммерцияландыру жөніндегі мамандар мен кәсіпкерлер қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар технологияларды коммерцияландыру саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылады.

02.11.2022, 17:30
473 қаралым