«АКАДЕМИК МҰХТАР ӘЛИЕВ ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ХИРУРГИЯ, ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

03.02.2023 ж. ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының иегері, «Халық Қаһарманы», «Әлем азаматы», ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Мұхтар Әлиевтің 90 жылдық мерей тойына арналған «Академик Мұхтар Әлиев әлемі және хирургия, трансплантологияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияға жиналған қатысушыларға онлайн және офлайн форматтарда құттықтау сөздерімен сөз сөйлегендер: техника ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, (АҚШ-тағы) Халықаралық ғылым, білім, өнеркәсіп және өнер академиясының мүшесі Сейтжанов Серікжан Сейтжанұлы, м.ғ.д., профессор, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ ректоры Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы, м.ғ.д., профессор, Қырғыз Республикасы Ұлттық хирургиялық орталығының құрметті директоры, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі Мамакеев Мамбет Мамакеевич, м.ғ.д., профессор, ҚР Транспланттау жөніндегі үйлестіру орталығының басшысы Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы, м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қазақстанның Еңбек Ері», «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, ҚР ДСМ штаттан тыс бас нейрохирургі, Қазақ нейрохирургтары ассоциациясының президенті Ақшолақов Серік Қуандықұлы, профессор, Өзбекстан Республикасы ғылым академиясының академигі, «В. Вахидов атындағы мамандандырылған ғылыми-практикалық хирургия орталығы» Мемлекеттік мекемесінің директоры Исмаилов Саидмурад Ибрагимович, м.ғ.д., профессор, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корр. мүшесі, М. Мамакеев атындағы Ұлттық хирургиялық орталығы госпитальдық хирургия кафедрасының профессоры Тилеков Эрнис Абдышевич, экономика ғылымдарының кандидаты, «Академик Мұхтар Әлиев атындағы халықаралық қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының президенті Алиев Өмірзақ Әметұлы, м.ғ.д., профессор, Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі, «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ Баймаханов Болатбек Бимендіұлы, м.ғ.д., профессор, ҚР ДСМ «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы Даирбеков Орынбай Даирбекұлы, м.ғ.д., профессор, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы асқазан-ішек жолдары және эндокринді ағзалар хирургиясы бөлімшесінің бас ғылыми қызметкері Жораев Шәкірбай, м.ғ.д., профессор, А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы гепатопанкреатобилиарлы хирургия және бауырды транспланттау бөлімшесінің бас ғылыми қызметкері Сейсембаев Манас Ахметжарұлы.

Конференцияның қатысушылары мен спикерлері Қазақстан мен ТМД елдерінің жетекші хирургтары болды, олар баяндамалар жасап, мастер-класстар өткізді:
Акбаров Миршавкат Миралимович, медицина ғылымдарының докторы, профессор, " В. Вахидов атындағы Республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық хирургия орталығы" №1 гепатобилиарлы хирургия және бауыр трансплантациясы бөлімінің басшысы., Ташкент, Өзбекстан;
Сапарбаев Самат Сағатұлы, «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ стратегиялық даму, ғылым және халықаралық серіктестік жөніндегі проректоры, Басқарма мүшесі, Ақтөбе, Қазақстан;
Оспанов Орал Базарбаевич, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Еуропалық жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, «Green Clinic» «Семіздік және қант диабеті хирургиясы орталығының» басшысы, Астана;
Мададов Ислам Курбанович, «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ Бүйрек трансплантациясы, урология және нефрология бөлімшесі басшысының м.а., Алматы;
Досханов Мақсат Оңалбайұлы, «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ Гепатопанкреатобилиарлық хирургия және бауырды трансплантаттау бөлімшесінің меңгерушісі, Алматы;
Шөкебаев Әділ Абайұлы, «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ Асқазан- ішек жолдары хирургиясы, эндокринды ағзалар хирургиясы және гинекология бөлімшесінің басшысы, Алматы;
Сейдалин Арыстан Оскарович, медицина ғылымдарының докторы, профессор, кардиохирург дәрігер, «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ, Алматы, Қазақстан.

Конференция басталар алдында қатысушылар Мұхтар Әлиев туралы бейнефильм көрді.
Конференция қатысушылары бауырды трансплантациялау, асқазан обыры хирургиясындағы тәжірибелерімен бөлісіп, жасушалық технологияның клиникалық тәжірибедегі рөлі, Авторлық фундопликациямен асқазанды айналып өтудің жаңа тұжырымдамасы туралы, сондай-ақ М.А.Әлиевтің ҚР медициналық білімге қосқан үлесі жайында баяндады.

03.02.2023, 18:22
670 қаралым