Академик Дерібсалы Сексенбайұлы Сексенбаевтың 80 жас мерейтойына орай ұйымдастырылған атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
2019 жылы 19 қаңтар күні ОҚМА-да профессор, медицина ғылымдарының докторы, академик, белгілі хирург, педагог Дерібсалы Сексенбайұлы Сексенбаевтың 80 жылдығына арналған "Клиникалық медицинаның өзекті мәселелері" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оның Оңтүстік Қазақстандағы хирургиялық қызметтің дамуына, өркендеуіне қосқан үлесі теңдеусіз.
Дерібсалы Сексенбайұлы Қазақстан Республикасының "Құрмет Алтын кітабына" енгізілген, мінсіз еңбегі үшін "Парасат" орденіне ие болған, медицина саласындағы беделді және айтулы наградалардың бірі Алтын скальпель иегері, үш жүз жұмыстың авторы, көптеген патенттер мен өнертабысқа авторлық куәліктері бар. Дерібсалы Сексенбайұлы өзінің рухани және күш-қуатының шарықтаған шағы, 80 жылдық мерейтойына да келіп қалды.
Құттықтау сөзімен сөз сөйледі:
Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы – «ОҚМА» АҚ-ның ректоры, м.ғ.д., профессор
Сейтжанов Серікжан Сейтжанұлы – «ОҚМА» АҚ-ның дара құрылтайшысы, т.ғ.д., профессор, Халықаралық инженерлік академиясы (Мәскеу) және Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі
Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлы - «Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Акбаров Миршавкат Миролимович, м.ғ.д, Ташкент медицина академиясының хирургия кафедрасының меңгерушісі, Өзбекстан ДСМ бас хирургі, Ташкент қ., Өзбекстан
Ізімбергенов Намаз Ізімбергенұлы – м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің №2 хирургиялық аурулар мен урологиясы кафедрасы, Ақтөбе қ., Қазақстан
Лохвицкий Сергей Викторович – м.ғ.д., профессор, ҚР МҒА академигі, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің госпиталдық хирургия кафедрасы, Караганда қ., Қазақстан
Апсатаров Эдиль Айдарханович - м.ғ.д., профессор, С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Алматы қ., Қазақстан
Пленарлық мәжілісте Қазақстан, Ресей, Литва, Өзбекстан қонақтары келесі тақырыптар бойынша баяндама жасады:
Қазақстанда трансплантология қызметінің дамуы – Досқалиев Жақсылық Ақмурзаұлы, м.ғ.д., профессор, ҚР МҒА академигі, Республикалық координациялық трансплантация орталығының директоры, Астана қ., Қазақстан
Бауыр жеткіліксіздігі бауырдың резекциялы хирургиясындағы мәселе ретінде және оны шешу жолдары – Акбаров Миршавкат Миролимович, м.ғ.д., Ташкент медицина академиясының хирургия кафедрасының меңгерушісі, бас хирург Өзбекстан ДСМ, Ташкент қ., Өзбекстан
Тірі туысқан донордан бауыр транплантациясы (жеке тәжірибе) – Баймаханов Болатбек Бимендейұлы, м.ғ.д., профессор, РМҒА академиясының академигі, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми орталықтың директоры, Алматы қ., Қазақстан
Метаболиялық бариатриялық оталар – Алмантас Малецкас, м.ғ.д., Литва медициналық пәндер университетінің профессоры, Литва бариатриялық хирургтар қоғамдастығының Президенті, Каунас қ., Литва
Денсаулықты нығайту үшін зиянды әдеттерден бас тартудың заманауи әдістері - Маматова Нодира Мухтарқызы, м.ғ.д., профессор, Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтының микробиология және фармакология кафедрасының меңгерушісі, Ташкент қ., Өзбекстан
2-ші типті қант диабеті кезіндегі лапароскопиялық метаболикалық хирургиясы - Оспанов Орал Базарбайұлы, м.ғ.д., профессор, Астана медициналық университетінің лапароскопиялық және бариатриялық хирургияның меңгерушісі, Астана қ., Қазақстан
Неврологиялық қызметтің даму жағдайы мен келешегі - Жарқынбекова Назира Асанқызы, м.ғ.к., доцент, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жүйке жүйесі, психиатрия және психология кафедрасының меңгерушісі, Шымкент қ., Қазақстан
Бауыр циррозы және порталдық гипертензиясы бар науқастарда диуретикорезистентті асцитті түзетудегі инновациялық технологиялардың мүмкіндіктері - Абдурахманов Бабур Анварұлы- м.ғ.д., Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы хирургиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, Шымкент қ., Қазақстан.
Халықаралық ғылыми форум жұмысына екі жүзге жуық дәрігер-хирург, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының медицина қоғамдастығының өкілдері, БАҚ және ОҚМА студенттік жастары қатысты.
Конференция материалдары"ОҚМА Хабаршысы" журналында жарияланды.