АКАДЕМИЯ ЕРІКТІ СТУДЕНТТЕРІ БАЛАЛАР МАРАФОНЫНДА

17.08.2024 ж Шымкент қаласында «Арман Әлемі» қауымдастығы және қаламыздың фитнес клубтарының ұйымдастыруымен инклюзивті балаларға арналған балалар марафоны өтті. Марафонға академиямыздың «Болашақ» академиялық жастар орталығының мүшелері мен волонтер студенттері ұйымдастыру жұмыстарына белсене ат салысып, алғыс хат табысталды. Алдағы уақытта белсенді студенттеріміз «Арман Әлемі» қаымдастығымен тығыз қарым-қатынаста болып, инклюзивті балаларға көмек жұмыстарына ат салысатын болады.

26.08.2024, 16:51
99 қаралым