«АИТВ – инфекциясының алдын алу»

ЖББП кафедрасының ұйымдастыруымен қарашаның 14 күні АИТВ – инфекциясының алдын алу» тақырыбымен колледж білім алушылары арасында кездесу болды. Ұйымдастырылған кездесудің мақсаты АИТВ инфекциясының алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Кездесуге Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» МКҚК – ның маманы Н.М Жүргенбаева, Шымкент қаласы ҚПД әл Фараби АПБ ЖПК ЮПБ УПИ полиция майоры М.С.Жұмағұл қатысып, жастар арасында «АИТВ – инфекциясының алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. АИТВ –ның әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдайы, адамның иммундық жүйесін зақымдай отырып, басқа инфекциялық аурулардың дамуына ықпал ететінін айтып өтті. Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

15.11.2024, 16:04
236 қаралым